Испания Израильге қару сатуын тоқтатқан

Испания сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес «Біз Израильге қару сатпаймыз» деді.

2106772
Испания Израильге қару сатуын тоқтатқан

Испания сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес елінің  7 қазаннан бастап Израильге қару сатуды тоқтатқанын мәлімдеді.

Альбарес Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізді.

«Израильге қару эмбаргосын қоя ма?» деген сұраққа Альбарес 7 қазаннан кейін Израильге жаңа қару сату лицензиясының берілмегенін айтты.

Осы себепті Израильге іс жүзінде эмбарго салынғанын түсіндірген Альбарес «Біз Израильге қару сатпаймыз» деді.

Испанияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігіне 3,5 миллион еуро қаржы бөлетінін жариялағанын білдірген Альбарес мұның қысқа мерзімде қалай арттырылатынын қарастырып жатқандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар