Венесуэлада алтын кеніш опырылып кетті

Венесуэлада алтын кенішінің опырылуы салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша 30 адам қаза тапты.

2105723
Венесуэлада алтын кеніш опырылып кетті

Венесуэлада заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кенішінің опырылуы салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша 30 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жер астында қалды.

Лауазым иелері Боливар штатындағы Ангостура қаласында заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кенішінің  опырылып кеткенін хабарлады.

Қалаға тікұшақпен іздеу-құтқару топтары жөнелтілді.

Лауазым иелерін  оқиғада осы уақытқа дейін 30 адамның қаза тапқанын және 100-ден астам адамның құрсауында қалғанын мәлімдеді.

Боливардың Азаматтық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Эдгар Колина Рейес баспасөзге жасаған мәлімдемесінде тәуелсіз комиссияның аймаққа аттанғанын және оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу басталғанын хабарлады.

Венесуэла баспасөзіндегі хабарда опырыстың лай  көшкіні салдарынан болғаны және қанша адамның жер астында қалғаны әлі белгісіз екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар