Ресейге қарсы 13-ші санкция пакетін мақұлдады

Пакет 24 ақпанда ресми түрде бекітіледі.

2105511
Ресейге қарсы 13-ші санкция пакетін мақұлдады

Еуропа Одағы (ЕО) елдері Ресейге қарсы 13-ші санкция пакетін мақұлдады.

ЕО кезекті төрағасы Бельгия «Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты 13-ші санкциялар пакеті бойынша принципті келісімге келді» деп жариялады.

Бұл ЕО мақұлдаған ең ауқымды санкциялар пакеттерінің бірі екені білдірілді.  Пакет 24 ақпанда ресми түрде бекітілетіні атап өтілді.

ЕО комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен де былай деді: «Ресейге қарсы 13-ші санкция пакеті туралы келісімді құптаймын. Біз (Ресей Президенті Владимир) Путиннің соғыс машинасын әлсіретуді жалғастыруымыз керек».

Ляйен Ресейге қарсы санкциялар тізіміндегі адам мен ұйым санының 2 мыңға жеткенін және Ресейдің ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қол жеткізуіне де кедегі болып отырғандарын айтты.

Жаңа пакетте санкциялар тізіміне 200-ге жуық тұлға мен ұйым қосылады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар