Ресей Африкаға тегін астық жөнелтті

Ресей Африканың кейбір елдеріне 200 мың тонна астықты тегін жөнелтті.

2105456
Ресей Африкаға тегін астық жөнелтті

Ресей Президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеде Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевті қабылдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Африкаға Ресей астығын жөнелтуге қатысты жиналыста сөйлеген Патрушевтің сөзіне орын беріліп, Африка құрлығының ең кедей 6 еліне бидай жеткізуді аяқтадық. Африка континентіне барлығы 200 мың тонна гуманитарлық көмек жеткіздік» делінді.

Патрушев «25 мың тонна астық Мали, Буркина-Фасо, Зимбабве және Эритреяға жөнелтілді. Сомали мен Орталық Африка Республикасына болса 50 мың тонна астық жеткіздік» деді.

Ресейдің өткен жылы 16,5 миллиард доллар  құнындағы 66 миллион тонна астықты экспорттағанын еске салған Патрушев биыл шамамен 70 миллион астық экспорттауды мақсат еткендерін атап көрсетті.

2023 жылдың 27 шілде күнгі мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путин Буркина-Фасо, Зимбабве, Мали, Сомали, Орталық Африка Республикасы және Эритреяға 25 бен 50 мың тонна аралығындағы астықты тегін жөнелтетіндерін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар