Украинаға қару жолдамайды

"Көпшіліктің даусы ветолардан құнды болуы қажет» деді.

2104776
Украинаға қару жолдамайды

Колумбия Президенті густаво Петро Ресеймен екі жылдан бері соғысып жатқан Украинаға қару жолдамайтынларын білдірді.

Германияның Мюнхен қаласында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Петро Украинаның қаруға емес, бейбітшілікке мұқтаж екенін және Колумбия ретінде келісім табылуына барлық үлесті қосуға дайын екендерін білдірді.

Петро Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуы керектігін атап көрсетіп, «Колумбия бейбітшілікке қолдау үшін Украинаға қару жолдамайды,  бірақ тараптар арасында диалог қамдалуы үшін көмек беруге дайын» деді.

Ол Украинаға қару жолдаудың соғысты ушықтырудан басқа мағынаға келмейтінін айтты.  Петро халықаралық қоғамның көбінің осы соғысқа қарсы екенін атап көрсетті.

Густаво Петро БҰҰ-ның да реформалануы керектігін айтып, «Көбі бейбітшілікті қалайды. Бірақ вето өкілеттігі оларға кедергі болып отыр.  Бұның аты демократия емес.  Егер шыныменен жаһандық демократияны құрғымыз келсе,  көпшіліктің даусы ветолардан құнды болуы қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар