Қытай қару сатпайды

Ван И  Германияда украиналық әріптесі Димитрий Кулебамен кездесті.

2104253
Қытай қару сатпайды

Қытай 2 жылдан бері соғысып жатқан Украина мен Ресейге қару сатпайтынын мәлімдеді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Ван И 60-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында  Германияда украиналық әріптесі Димитрий Кулебамен кездесті.

Ван халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, Украинамен қарым-қатынасты «қалыпты түрде» дамытқысы келетіндерін білдірді. «Қытай қақтығыс аймағына немесе қақтығысушы тараптарға өлімге әкелетін қару сатпайды» деді ол.

Қытай министрі конференцияда сөйлеген сөзінде Қытайдың Украина дағдарысын тудырған және оған қатысушы ел еместігін, бірақ қарап та қалмағанын және дағдарыстан пайда табуға да тырыспағанын баса атқан еді.

Қытай Украина дағдарысында бейтараптығын атап көрсеткенімен, Мәскеуді соғыс үшін айыптаудан бас тартуы және Ресеймен стратегиялық серіктестігін тереңдетуі АҚШ мен батыс елдерінің сынына себеп болуда.

АҚШ Қытайдың Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрі беруді қарастырып жатқанын мәлімдеді. Еуропалық Одақ та Бейжің әкімшілігінен Ресейге экспортталған өнімдерді бақылауға алуын сұрады.

 



Ұқсас жаңалықтар