Газа секторында тағы 2 Израиль сарбазы қаза тапты

Газа секторында соңғы 24 сағатта тағы 2 Израиль сарбазы қаза тапты.

2103322
Газа секторында тағы 2 Израиль сарбазы қаза тапты

Израиль армиясы шабуылдары мен басып алуын жалғастырған Газа секторында соңғы 24 сағатта тағы 2 әскерінің қаза тапқанын жариялады.

Израиль армиясының мәлімдемешісі Газа секторының оңтүстігінде соңғы 24 сағатта болған қақтығыстарда сержант шеніндегі 2 сарбаздың қаза тапқанын хабарлады

Газа секторында 7 қазаннан бері 572 израильдік әскердің қаза тапқаны, оның 235-інің құрлық шабуылы кезінде болғаны тіркелді.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Газа секторында қаза тапқан сарбаздардың жанұяларына хабарлап, отбасының келісімін алғаннан кейін олардың өлім хабарын жариялады.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 28 мың 663 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 12 мың 300 бала, 8 мың 400 әйел қаза тауып, 68 мың 395 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар