Амазон тропикалық ормандары жойылып кетуі мүмкін

Амазон тропикалық ормандары өрттердің салдарынан 2050 жылға қарай жойылып кетуі мүмкін.

2102805
Амазон тропикалық ормандары жойылып кетуі мүмкін

Амазон тропикалық ормандарының жартысына жуығы құрғақшылық, ормандардың кесілуі және өрттердің салдарынан 2050 жылға қарай жойылып кетуі мүмкін.

Ғалымдар жаңа зерттеуде Амазон ормандарының жартысына жуығы 2050 жылға қарай жойылу қаупінде тұрғанын мәлімдеді.

Амазонның 38 пайызының ағаштарды кесу, өрттер мен қатты құрғақшылық салдарынан тозғанын айтқан ғалымдар 2050 жылға қарай тропикалық ормандардың 10-47 пайызы жойылуы мүмкін деп есептейді.

Ылғалдылық деңгейі осылай төмендей берсе, Амазон қуаң аймаққа айналады деп болжануда.

Экожүйесі негізінен жауын-шашынға тәуелді Амазон ормандары әлемдегі оттегінің көп бөлігін өндіретіндіктен «әлемнің өкпесі» ретінде сипатталады.

Зерттеудің егжей-тегжейлері «Nature» журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар