PKK/YPG 14 жастағы жасөспірімді өлтірді

Дейр-эз-Зор уәлаятында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG басып алған аймақта оқ жаудырып, 14 жастағы жасөспірімді өлтірді.

2102970
PKK/YPG 14 жастағы жасөспірімді өлтірді

Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор уәлаятында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG басып алған аймақта оқ жаудырып, 14 жастағы жасөспірімді өлтірді.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, Дейр-эз-Зордың Шинан ауылындағы мектепте PKK/YPG террористтері ашқан атыс кесірінен Н.Е.А. есімді бала қайтыс болды.

Сириялық адам құқықтары желісі жасаған жазбаша мәлімдемеде террор ұйымының Дейр-эз-Зорда Н.Е.А-ны өлтіру арқылы қылмыс істегені және халықаралық адам құқықтарын бұзғаны, сондай-ақ  заң бұзушылардың жазаға тартылуы керектігі айтылды.



Ұқсас жаңалықтар