Израильдің шабуылында Ливанда 8 адам қаза тапты

Израиль армиясының 8 қазаннан бері Ливанға жасаған шабуылында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 42-ге жетті.

2102637
Израильдің шабуылында Ливанда 8 адам қаза тапты

Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіндегі Набатие қаласында 3 қабатты бір ғимаратқа ұшқышсыз әуе аппаратпен жасаған шабуылда бір отбасынан 8 адам қаза тапты.

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің хабарында Израильдің бір ұшқышсыз әуе аппаратының  Набатия қаласының Меркаюн аймағындағы 3 қабатты ғимаратты басқарылатын зымыранмен нысанаға алғаны білдірілді.

Ғимарат үйінділерінен 8 адамның мәйіті шығарылғаны атап өтілді.

Израиль армиясының 8 қазаннан бері Ливанға жасаған шабуылында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 42-ге жетті.

Осы уақытқа дейін болған қақтығыстарда 196 Хизбулла мүшесі, 8 Амал қозғалысы мүшесі, 12 Хамас қозғалысы мүшесі, 12 Исламдық жиһад мүшесі, 2 Ливан қауіпсіздік қызметкері, 6 Израиль азаматы және 11 әскер қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар