Путин ант береді

Путин ант бергеннен кейін қазіргі үкімет те отставкаға кетеді.

2135886
Путин ант береді

Ресей президенті Владимир Путин ертең ант беріп, жаңа мерзімде өз қызметін бастайды.

Наурыз айында өткен президенттік сайлауда 87,28 пайыз дауыс жинаған Путин 7 мамыр күні Кремль сарайында өтетін салтанатта ант беріп, тағы 6 жыл қызметін жалғастырады.

Путин ант бергеннен кейін қазіргі үкімет те отставкаға кетеді.

2020 жылы енгізілген конституциялық түзетуге сәйкес, енді жаңа үкімет Ресей парламентінің мақұлдауымен қызметіне кіріседі.

Ант беру рәсімінен кейін Владимир Путин премьер-министрлік үшін кандидатты Думадағы парламент мүшелерінің бекітуіне ұсынады.


Этикеттер: #ант , #сайлау , #Ресей , #Путин

Ұқсас жаңалықтар