БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде климат пен қақтығыстар жиналысы

Антониу Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен жоғары деңгейлі жиналыста баяндама жасады.

2101958
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде климат пен қақтығыстар жиналысы

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш «2022 жылы климат пен қақтығыстар 174 миллион адам үшін азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі себептері ретінде алға шықты» деді.

Антониу Гутерреш «Климаттық өзгерістің азық-түлік қауіпсіздігіне әсері» тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен жоғары деңгейлі жиналысында баяндама жасады.

Жаһандық азық-түлік дағдарысының әлемдегі ең кедей адамдар үшін қорқынышты бір аштыққа себеп болғанын айтқан Гутерреш климаттық дағдарыстың өлімге әкелетін күшпен жылдамданғанын атап көрсетті.

Гутерреш өткен жылдың тарихтағы ең ыстық жыл екенін және бұл жағдайлардың бейбітшілікке нұқсан келтіріп, аштық хаосын асқындыруға себеп болғанын тілге тиек етті.

Климаттық апаттар мен қақтығыстардың теңсіздікті күшейткенін, өмір салтын нашарлатып, адамдарды баспанасыз қалдырғанын атап айқан Бас хатшы «Сонымен бірге климат пен қақтығыс жаһандық климаттық дағдарысқа түрткі болуда. Соғыс бар жерде аштық басым болады» деді.

Гутерреш климаттық хаостың әлем бойынша азық-түлік өндірісіне де кері әсер ететінін атап «2022 жылы климат пен қақтығыстар 174 миллион адам үшін азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі себептері ретінде алға шықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар