Италия Қорғаныс министрі ауруханаға жатқызылды

Қорғаныс министрі Гидо Кросеттоның жүрек ауруына байланысты ауруханаға жатқызылғаны білдірілді.

2101647
Италия Қорғаныс министрі ауруханаға жатқызылды

Итальяндық баспасөзде жарияланған хабарда 61 жасар Кросеттоның түнде бас қала Римдегі Сан-Карло ди Нанси ауруханасының дәрігерлік жедел жәрдем беру орнына кеудедегі қатты ауырсыну шағымымен жүгінгені атап көрсетілді.

Перикардитке (жүрек қабығының қабынуы) күдігімен бақылауға алынған Кросеттоға ангиография жасалғаны хабарланды.

2022 жылы 25 қыркүйек күні өткен сайлауда бірінші партия болып шыққан оңшыл «Бауырлас Италия» партиясының (FdI) негізін қалаушылардың бірі Гидо Кросетто сол жылдың қазан айында Италия премьер-министрі Джорджия Мелони басшылығында құрылған оңшыл коалициялық үкіметтің қорғаныс министрі қызметін атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар