Израиль армиясы тағы 2 журналистті өлтірді

Газа секторына Израиль армиясы жасаған шабуылда тағы 2 журналист қаза тапты.

2101272
Израиль армиясы тағы 2 журналистті өлтірді

Газа секторындағы үкіметтің Баспасөз кеңсесі жасаған жазбаша мәлімдемеде Израиль армиясының Рафах қаласы мен Сибалие аймағына жасаған шабуылында журналист Эла Хасан әл-Химс пен Энхам Ахмед Адванның қаза тапқаны атап көрсетілді. Газа секторында 7 қазан күнінен бері Израиль өлтірген журналист санының 126-ға жеткені білдірілді.

Баспасөз кеңсесі жасаған алдыңғы мәлімдемесінде Израильдің «Палестинаның үнін өшіру, фактілерді жасыру, аймақтық және халықаралық қоғамға жаңалықтар мен ақпараттардың жетуіне тосқауыл қою үшін» Газа секторында журналистерді қасақана өлтіргені айтылған болатын.

Израильдің 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында кемінде 12 мың бала, 8 мың 190 әйел, барлығы 28 мың 340 палестиналық қаза тауып, 67 мың 984 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар