Израиль әскерлері жедел жәрдем көліктерінің кілттерін ұрлап кетті

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамынан тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

2100642
Израиль әскерлері жедел жәрдем көліктерінің кілттерін ұрлап кетті

Израиль күштері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамына қарасты Әл-Эмел ауруханасындағы жедел жәрдем көліктерінің кілттерін ұрлады.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамынан тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде Израиль күштерінің 20 күннен бері басқыншылық астындағы Әл-Эмел ауруханасына шабуыл жасап, жедел жәрдем көліктері мен аурухана басшылығына тиесілі барлық көліктердің кілттерін «ұрлағаны» атап көрсетілді.

Израиль әскерлерінің мұны жедел жәрдемнің қызмет көрсетуіне жол бермеу үшін жасағаны білдірілді.

Израиль тарапынан аталған айыпқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Палестина Қызыл жарты Ай қоғамы алдыңғы күнгі мәлімдемесінде Израиль әскерлерінің Эмел ауруханасында 8-і медицина қызметкері, барлығы 17 адамды ұстағаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар