Нигерияда 88,4 миллион адам өте кедей

Фадешеми 2022 жылға қарай өте кедейліктегі әлем халқының 12,9 пайызы Нигерияда екенін айтты.

2099596
Нигерияда 88,4 миллион адам өте кедей

Батыс Африкадағы Нигерияда 88,4 миллион адам өте кедейлікте өмір сүруде.

Нигерия Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрлігінің бас хатшысы Темитопе Фадешеми елдегі кедейлік деңгейі алаңдатарлық жағдайда екенін атап өтті.

Нигерияда шамамен 88,4 миллион адамның өте кедейлікте өмір сүргенін түсіндірген Фадешеми 2022 жылға қарай өте кедейліктегі әлем халқының 12,9 пайызы Нигерияда екенін айтты.

Африка құрлығының бай мұнай және табиғи газ қорына ие Нигерияда табыс теңсіздігі, террор ұйымы Боко Харам және қарулы қарақшы мүшелерінің шабуылдары сияқты мәселелер экономикаға кері әсер етуде.

Экономикалық дағдарыс пен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қиын жағдайда өмір сүріп жатқан кейбір нигериялықтар жақсы өмір сүру үмітімен Еуропаға заңсыз жолмен жетуге тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар