Ирак пен Сирияның солтүстігінде 44 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2099581
Ирак пен Сирияның солтүстігінде 44 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда 44 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Министрлікте өткен баспасөз мәслихатында лаңкестікпен күреске қатысты ақпарат берілді.

Түрік Қарулы күштерінің террормен күресті табандылықпен жалғастырғаны аталған жиында PYD-YPG, ДАИШ және ФЕТО террор ұйымдарынан бастап, Ирак пен Сирияның солтүстігінде барлық террористік ұйымдарға қарсы жүргізілген операцияларда соңғы аптада 44 террористтің залалсыздандырылғаны жарияланды.

1 қаңтар күнінен бері залалсыздандырылған террорист санының Ирактың солтүстігінде 144, Сирияның солтүстігінде 215, барлығы 359-ға жеткені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар