АҚШ Ирактағы Хизбулла тобына тойтарыс беруде

АҚШ Ирактағы Катаиб Хизбулла тобының командирін өлтірді.

2099264
АҚШ Ирактағы Хизбулла тобына тойтарыс беруде

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) армиясы Таяу Шығыстағы өз сарбаздарына қарсы шабуылдарға тойтарыс ретінде Ирактағы Катаиб Хизбулла тобының (шиіт жасақ күштері) командирін өлтіргенін хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығынан (CENTCOM) жасалған мәлімдемеде АҚШ күштерінің өз әскерлеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс ретінде Иракта біржақты шабуыл жасағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде аймақтағы АҚШ күштеріне қарсы шабуылдарды жоспарлау мен қатысуға тікелей жауапты Кетаиб Хизбулла қолбасшысының шабуылда қаза тапқаны білдірілді.

Ирактағы шиіттердің қарулы күштері Хашди Шаби ел астанасы Бағдадта әуе соққысынан оның командирлерінің бірі  Әбу Бәкир әл-Саадидің қаза тапқанын хабарлады. Көлігі әуе шабуылында нысанаға алынған Саадидің шабуылда қаза тапқаны хабарланды.

Катаиб Хизбулла (Хизбулла бригадалары) деп аталатын Иран қолдайтын топ қолшатыр ұйым болып табылатын Хашди  Шабидің элементтерінің бірін құрайды.



Ұқсас жаңалықтар