НАТО Ресейден әскери бір қауіп сезінбейді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеме жасады.

2097533
НАТО Ресейден әскери бір қауіп сезінбейді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің бір НАТО еліне шабуыл жасайтыны туралы әскери қауіп сезбегендерін мәлімдеді.

Йенс Столтенберг Германияның «ARD» телеарнасына НАТО-ның болашағы туралы көзқарасын бөлісті.

«Ресей Украина соғысында жеңіске жетсе, НАТО-ға мүше бір елге де шабуыл жасайды» деген уәждерге қатысты Столтенберг «Біз жақын болашақта НАТО одақтасына әскери бір қауіп төндіретінін сезбейміз» деді.

НАТО-ның соңғы жылдары айтарлықтай күшейтілгенін атап көрсеткен Бас хатшы «Әрине бейбітшілік өздігінен пайда болмайды. Тікелей қауіп болмаса да, біз қорғанысымызға айтарлықтай инвестиция салдық. Біз қарулы күштеріміздің дайындығы мен күшін арттырдық. Тарихта алғаш рет жауынгерлік бөлімін қайта жабдықтадық. Бұл НАТО-ның соңғы буында жүзеге асырған ең үлкен күшеюі болып табылады» деді.

Столтенберг НАТО-ның Ресейдің Қырымды 2014 жылы заңсыз аннексиялауынан кейін пайда болған жаңа шындықты мойындап, оған бейімделгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар