Шағын моторлы ұшақ жылжымалы үйге құлады

Федералдық авиация басқармасы ұшақ апатымен байланысты мәлімдеме жасады.

2096679
Шағын моторлы ұшақ жылжымалы үйге құлады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) шағын моторлы ұшақ жылжымалы үй саябағына құлады, қаза тапқан мен жарақат алғандар бар екені білдірілді.

Федералдық авиация басқармасынан жасалған мәлімдемеде кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында шағын моторлы ұшақтың Clearwater-дегі жылжымалы үй саябағына соғылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде ұшқыштың алдын ала ұшақтағы ақау туралы ескерткені апат кезінде бір үйге соғылғаны және шыққан өртте кем дегенде үш үйге зиян келгені хабарланды.

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені білдірілген мәлімдемеде оқиғаға байланысты тергеу басталғаны тілге тиек етілді.



Ұқсас жаңалықтар