Израиль Дамаскіге әуе шабуылы жасады

Сирияның ресми хабар агенттігі «САНА» шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

2096762
Израиль Дамаскіге әуе шабуылы жасады

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сілтеген хабарында жергілікті уақыт бойынша сағат 04.20-да Дамаскінің оңтүстігіндегі кейбір нысандарға Израиль әскери ұшақтарының әуе шабуылы жасағанын білдірілді.

Хабарда «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері басқыншылық астындағы Голан төбелерінен ұшырылған зымырандардың кейбіреулерін атып түсірді. Шабуыл кезінде материалды шығын келді» делінген.

Израильдік лауазымдылар шабуылға қатысты мәлімдеме жасамады.

Дамаск пен ауылдық аймақтарында Сирия армиясы мен Иран қолдау берген Ливан Хизбулласының топтары бар екені белгілі.

Израиль Сирияда ішкі соғыс басталған 2011 жылынан бері бұл елдегі Иран қолдау берген топтарға кейде шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар