«Ивановец» зымырандық қайығын жойды

Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі қайыққа қарсы арнайы операция жасалғаны атап өтілді.

2096761
«Ивановец» зымырандық қайығын жойды

Украина Қорғаныс министрлігі Барлау бас басқармасы Ресейдің Қаратеңіз флотына тиесілі «Ивановец» зымырандық қайығын жойғанын хабарлады.

Басқармадан жасалған мәлімдемеде өткен түнде Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі қайыққа қарсы арнайы операция жасалғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде «Украина Қорғаныс министрлігі Барлау бас басқармасының «13-топ» арнайы бөлімшесінің сарбаздары қаңтардың 31-інен ақпанның 1-іне қараған түні Ресейдің Қаратеңіз флотының «Ивановец» зымырандық катерін жойды» деп айтылды.

Мәлімдемеде операция кезінде қайықтың Ресей заңсыз аннексиялап алған Қырымдағы Доузлав көлінде болғаны атап көрсетілді.

Қайықтың корпусына бірнеше рет соққы беру нәтижесінде орыс қайығы қайтадан қозғала алмайтындай бүлінген. «Ивановец» бүйіріне қисайып, суға батып кетті.

Аталмыш  қайықтың құны шамамен 60-70 миллион доллар екені жазылған.



Ұқсас жаңалықтар