Барлау миссиясы Газаның солтүстігінде

Барлау миссиясы Газаның солтүстігінде қауіпсіздік және логистикалық жағдайға байланысты зерттеу жүргізді.

2096557
Барлау миссиясы Газаның солтүстігінде

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) барлау миссиясының кеше және бүгін Газаның солтүстігінде қауіпсіздік және логистикалық жағдайға байланысты зерттеу жүргізгенін хабарлады.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлау миссиясының негізгі мақсатының алаңдағы жағдайды анықтау екенін атап көрсеткен Дюжаррик болашақта осы шеңберде көмектің қалай қалыптасатынын шешетіндерін білдірді.

Дюжаррик миссия жалпы қауіпсіздік пен логистикалық жағдай туралы ақпарат жинайтынын айтты. Мұның алғашқы қадам екенін айтқан Дюжаррик барлау миссиясынан кейін аймаққа бағаландыру миссиясының аттанатынын атап өтті.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге соңғы сапары кезінде БҰҰ-ның бағаландыру миссиясы құрылатынын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар