Путин: "Ұшақ АҚШ-тың «Patriot» әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілді"

Ресей президенті Владимир Путин 74 адам қаза тапқан жолаушы ұшағы шабуылына тоқталды.

2096009
Путин: "Ұшақ АҚШ-тың «Patriot» әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілді"

Ресей президенті Владимир Путин бортында 65 украиналық тұтқын барлығы 74 адам болған ресейлік ұшақтың АҚШ-тың «Patriot» әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілгенін білдірді.

Наурыз айында өтетін президенттік сайлауда тәуелсіз үміткер болған Владимир Путин бас қала Мәскеудегі «Гостиный двор» ғимаратында сайлаудағы уәкілетті өкілдермен бас қосты.

Путин осында сөйлеген сөзінде өткен аптада Белгород облысында 65 украиндық тұтқын, барлығы 74 адам мінген Ресейге тиесілі «Ил-76» жолаушы ұшағын атып түсіргеніне тоқталып «Ұшақ американдық «Patriot» әуе қорғаныс жүйесімен құлатылды. Бұл нақты анықталды. Ұшаққа тиген зымыран Украина әкімшілігінің бақылауындағы аумақтан ұшырылды» деді.

Украинаның ұшақты атып түсіру арқылы «қылмыс» жасағанын атап көрсеткен Путин батыстың бұл оқиғаны «жабуға» тырысқанын және оқиғаға қатысты халықаралық тергеу жүргізілуі керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар