Норвегия соңғы 30 жылдың ең қарқынды дауылын бастан кешуде

Норвегияның кейбір аудандарында электр қуаты үзілді.

2096325
Норвегия соңғы 30 жылдың ең қарқынды дауылын бастан кешуде

Соңғы 30 жылдың ең қарқынды дауылы себепті Норвегияның кейбір аудандарында электр қуаты үзілді.

Норвегия Метеорологиялық институты қатты дауылға байланысты Арктика аймағы үшін төтенше жағдайдың ең жоғарғы ескертуі болып қабылданатын «қызыл дабыл» қағылды.

Полиция лауазымдылары жасаған мәлімдемеде дауыл салдарынан елдің халқы ең көп екінші қаласы Бергеннің солтүстігінде бір автобустың жолдан шығып кеткені, апатта адам шығыны болмағаны білдірілді.

Лауазымдылар дауыл салдарынан кейбір әуе компаниялары мен паромдық компаниялардың жұмысын уақытша тоқтатқанын және кейбір аймақтарда электр қуатының үзілгенін мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-та кейбір аймақтарда жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жеткен дауылдың елде соңғы 30 жылдағы ең күшті дауыл екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар