Пәкістандағы бомбалы шабуылда 4 адам қаза тапты

Белуджистан уәлаятындағы саяси партия митингіне бомбалы шабуыл жасалды.

2095502
Пәкістандағы бомбалы шабуылда 4 адам қаза тапты

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында өтіп жатқан саяси партия митингіне жасалған бомбалы шабуылда 4 адам қаза тауып, 5 адам жараланды.

Белуджистан уәлаятының Сиби аймағында бұрынғы премьер-министр Имран Хан мүше болған Пәкістан Әділет қозғалысы партиясының саяси митингіне қарсы бомбалы шабуыл жасалды.

4 адам қаза тауып, 5 адам жараланған бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнынған жоқ.

8 ақпан күні өтетін жалпы сайлау алдында Пәкістанның әртүрлі қалаларында лаңкестік әрекеттердің саны артуда.

Кеше Белуджистан уәлаятының Мах қаласына зымыран және автоматты қарумен шабуыл жасаған сепаратист Белуджистан азаттық армиясына қатысы бар көптеген содыр 5-і залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар