Газада 26 мың 422 палестиналық қаза тапты

Палестина армиясы адамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарын нысанаға алуда.

2094537
Газада 26 мың 422 палестиналық қаза тапты

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 26 мың 422 палестиналық қаза тапты. Оның ішінде кемінде 11 мың бала және 7 мың 500 әйел қаза тауып, 65 мың 87 палестиналық жарақат алды.

Үйінділер астында әлі мыңдаған мәйіт бар екені хабарланды. Палестина армиясы адамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарын нысанаға алуда.  

Израиль күштерінің Газа секторына әуеден, құрлықтан және теңізден жасаған шабуылдарының 115-ші күні ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда, Израиль армиясының Газа қаласының оңтүстік-шығысындағы Әз-Зейтун және оңтүстік-батысындағы Тель әл-Хева аудандарын әуеден және құрлықтан бомбалауы салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Нусайрат босқындар лагерінің батысындағы Әл-Мутви отбасына тиесілі бір үйге жасаған шабуылында кемінде 23 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Израильдің қаланың орталық бөлігіндегі Әл-Завейда ауданындағы бір үйге жасаған шабуылында 14 палестиналық қаза тауып, кейбірі жараланды.



Ұқсас жаңалықтар