Тебризде Реисинің жерлеу рәсімі өтті

Тікұшақ апатында қаза тапқан Иран Мемлекет басшысы мен қасындағы делегация үшін мемлекеттік рәсім өтті.

2142359
Тебризде Реисинің жерлеу рәсімі өтті

Алдыңғы күні тікұшақ апатында қаза тапқан Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси, Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян және басқа да ресми тұлғалар үшін жоспарланған жаназа рәсімдерінің алғашқысы Тебризде өтті.

Тебриз «Шүхеда» алаңында он мыңдаған адам қатысқан рәсімде Мемлекет басшысы Реиси, Сыртқы істер министрі Абдуллахиян, Тебриз жұма мешіті имамы Мұхаммед Әли Әл-и Хашим және Шығыс Әзербайжан губернаторы Малик Рахмети үшін дұға оқылды.

Азаматтық және әскери лауазымды тұлғалар қатысқан рәсімде мәйіттер «Шүхеда» алаңынан қалың көпшіліктің қатысуымен Мусалла алаңына жеткізілді.

Тебризде жаназа намазы мен парадпен басталған рәсімдер бүгін Құм қаласында, ертең бас қала Тегеранда жалғасады.

Құм қаласындағы салтанатты шараға Түркия атынан вице-президент Джевдет Йылмаз мен Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысады.

Президент Рейсидің денесі бейсенбі күні Мешхед қаласында өтетін рәсіммен жерленеді.

Кеше кеште Тегеранда Ибрахим Реиси мен қасындағы жоғары лауазымды тұлғалар үшін де аза тұту рәсімі өтеді.

Бас қаладағы Велиаср алаңында мыңдаған адам қатысқан салтанатты шарада фотосуреттері ілінген Мемлекет басшысы және қасындағыларға дұға бағышталды.

Жоқтау оқылған рәсімде кейбір азаматтардың жылап жатқаны байқалды.

Марқұм Мемлекет басшысы Реиси алдынғы күні Иран-Әзербайжан шекарасында су бөгеті ашылу рәсіміне қатысқаннан кейін делегация құрамындағы Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян және кейбір жоғары лауазымды тұлғалармен бірге тікұшақ апатына ұшырады.

Түркия Иранның сұранысымен іздестіру-құтқару жұмыстары үшін «Akıncı» пилотсыз әуе көлігін аймаққа жіберді. Пилотсыз әуе көлігі «Akıncı» анықтаған тікұшақ сынықтарының координаттары Иран әкімшілігіне жеткізілді.

Ақпаратты алған соң аймаққа барған ирандық топтар апаттан ешкімнің аман қалмағанын анықтады.



Ұқсас жаңалықтар