АҚШ-тан Түркияға "F-16 сатылымы" мәлімдемесі

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бір лауазымдысы Түркияға F-16 сатылымы туралы мәлімдеме жасады.

2092649
АҚШ-тан Түркияға "F-16 сатылымы" мәлімдемесі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі Түркияға F-16 сатуының өздерінің, Түркия және басқа НАТО одақтастарының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сәйкес келетінін мәлімдеді.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бір лауазымдысы Түркияға F-16 сатылымын бағалады.

Ақ Үй қызметкері АҚШ президенті Джо Байденнің Түркияның F-16 флотын жаңартуды басынан бері қолдағанын атап көрсетті.

Лауазымды «Бұл (F-16 сатылымы) НАТО аясында өзара жұмыс істеу қабілетін арттырады және Америка Құрама Штаттарының ұлттық мүддесіне сай келеді. Конгресс шет елдерге қару сатуда маңызды рөлге ие және біз бұл мәселе бойынша Конгресспен жұмыс істеп жатырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар