АҚШ Ирактағы үш нысанға шабуыл жасады

Ллойд Остин әскери күштерінің Ирактағы Иран қолдайтын жасақ топтарына тиесілі үш нысанға шабуыл жасағанын хабарлады.

2092556
АҚШ Ирактағы үш нысанға шабуыл жасады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин әскери күштерінің Ирактағы Иран қолдайтын жасақ топтарына тиесілі үш нысанға шабуыл жасағанын хабарлады.

Ллойд Остин жазбаша мәлімдемесінде президент Джо Байденнің нұсқауымен Иракта Иран қолдайтын жасақ топтары пайдаланатын 3 нысанға соққы бергендерін жариялады.

Остин Америка Құрама Штаттарының өз мүдделерін қорғау үшін қажетті қадамдарды басудан тартынбайтынын айтты. Остим аймақтағы қақтығыстарды ұлғайтуға тырыспайтынын алға тартып, Иранның қолдауымен жасалған шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Ирактағы жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған хабарда да АҚШ ұшақтарының Бабилдің Джурф әл-Сахар аймағындағы Хашд әл-Шааби әскери факультетін бомбалағаны, шабуылда қаза тапқандар мен жараланғандардың болғаны білдірілді.


Этикеттер: #шабуыл , #АҚШ , #Иран , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар