11 мың бала мен 7500 әйел қаза тапты
Газадағы қырғын еш толастамады.
Газа секторында 7 қазан күнінен бері жалғасып жатқан шабуылдарда 11 мың бала мен 7500 әйел қаза тапты.
Газадағы үкіметтің Медиа кеңсесінің деректеріне қарағанда, Израильдің 108 күннен бері шабуылдарында 25 мың 925 адам қаза тапты. Олардың 11 мыңы – балалар, 7500-і - әйелдер.
Газада қазірге дейін 7 мың адам әлі қалдық астында немесе жоғалып кетті. Олардың да 70 пайызы – балалар мен әйелдер. 63 мың адам да жарақат алды.
БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты Бас хатшы орынбасары Мартин Гриффитс «7 қазаннан бері Газадағы қырғын еш азаймады. Газа сағат сайын 2 ана өлтірілуде» деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы су тасқынынан 7 адам қаза тапты
Иранның Разави Хорасан уәлаятының Мешхед қаласында болған су тасқынынан 7 адам қаза тапты.
Израиль армиясы Шерияның батысына басып кірді
Израиль жасаған рейд кезінде валюта айырбастау орындарының қожайындарын тергеуге алды.