"Соғыс жалғасады" деді

Нетаньяху "Соғысты барлық майдан мен секторда жалғастырамыз. Ешбір террористке еркіндік бермейміз" деді.

2091544
"Соғыс жалғасады" деді

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хамастың тұтқындарды ауыстыру ұсынысын қабылдамағанын білдіріп, «Соғысты барлық майдан мен секторда жалғастырудамыз» деді.

Беньямин Нетаньяху видео мәлімдемесінде осы уақытқа дейін 110 тұтқынды құтқарғандарын және қалған тұтқындардың барлығын құтқаруға бел байлағандарын айтты.

Ол Хамастың тұтқындарды босату үшін «соғыстың аяқталуын және Израиль күштерінің Газадан кетуін» талап еткенін білдірді.

Нетаньяху "Соғысты барлық майдан мен секторда жалғастырамыз. Ешбір террористке еркіндік бермейміз. Газада да, Ливанда да, Сирияда да, басқа жерде де. Бізге зиян тигізуге тырысқан адамға біз де зиян тигіземіз" деді.



Ұқсас жаңалықтар