Кениядағы сел апатында 52 адам із-түссіз жоғалды

Нөсер жауын салдарынан Кенияда құрылған 200-ге жуық лагерь жұмысын жалғастыруда.

2146371
Кениядағы сел апатында 52 адам із-түссіз жоғалды

Кенияның Май-Махиу қаласында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 52 адам жоғалып кетті.

Ұлттық баспасөздегі хабарларға қарағанда, үкімет лауазымдылары су тасқынынан 52 адамның қаза тапқанын және су тасқынынан зардап шеккендер үшін құрылған 200-ге жуық лагерьдің жұмысын жалғастырғанын хабарлады.

Үкімет өкілі Исаак Мваура елде 14 мамыр күнгі су тасқынынан қаза тапқандар санының 277-ге жеткенін, ауа райының қолайсыздығынан шамамен 411 мың адамның зардап шеккенін және 56 мың отбасының үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Су тасқыны Африкада Кения, Танзания, Сомали және Бурунди сияқты елдер ге қатты әсер етуде.



Ұқсас жаңалықтар