Неміс армиясында қызметкер тапшылығы

Неміс армиясында неміс паспорты жоқ жауынгерлер кезеңі талқылануда.

2091821
Неміс армиясында қызметкер тапшылығы

Неміс армиясында кадр тапшылығына байланысты Христиандық одақ партиялары (CDU-CSU) және Еркін демократиялық партиясы (FDP) неміс төлқұжаты жоқ сарбаздарға әскерде қызмет ету көзқарасын құптайды.

Федералды Германия Парламентінің (Бундестаг) Қорғаныс комиссиясы төрағасы Мари-Агнес Страк армияның (Бундесвер) жұмысқа қабылдауда «көбірек еуропалық ойлауы керектігін» тілге тиек етті. Страк бұл тұғырда неміс төлқұжаты жоқ сарбаздардың да әскерде қызмет етуге тағайындалуы мүмкін екенін түсіндірді.

Христиандық Бірлік партиясынан Иоган Вендепул болса бұл мәселеге оң көзқарасын білдірді. Дегенмен Бірлік партиялық саясаткерлердің айтуынша, Қорғаныс министрі Борис Писториус кейбір мәселелерді түсіндіруі керек. Ең маңызды мәселе әскерге шақырылатындар тек Еуроодақ пен НАТО мүшелері ме, әлде басқа елдерден де таңдала ма?



Ұқсас жаңалықтар