Макрон атысты дереу тоқтатуға шақырды

Макрон Дүниежүзілік Экономикалық форумның 54-ші жиналысында сөз сөйледі.

2090116
Макрон атысты дереу тоқтатуға шақырды

Франция Президенті Эммануэль Макрон Газа халқына гуманитарлық көмектің жетуі үшін атысты жедел тоқтату керектігін айтты.

Макрон Швейцарияның Давос қалашығында өтіп жатқан Дүниежүзілік Экономикалық форумның 54-ші жиналысында сөз сөйледі.  Ол әлемнің бөлінгенін,  Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында үлкен келіспеушілік бар екенін айтты. «Еуропа және Таяу Шығысқа соғыс қайтып келді» деді ол.

Еуропа, Кавказ және барлық аймақ елдерінің қауіпсіздігі үшін Ресейдің Украинаға қарсы соғыстан жеңіспен шықпауы керектігіне назар аударған Макрон Таяу Шығыстағы террорлық топтардың халықаралық сауда мен әлем қауіпсіздігін тұрақсыздандырғанын білдірді.

Эммануэль Макрон Газа халқына гуманитарлық көмектің жетуі үшін атысты дереу тоқтатуға шақырды.

Ол аймақта екі мемлекеттің шешім болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар