Ресейдің Украинаның шығысындағы шабуылдары жалғасуда

Ресейдің Украинаның шығысындағы Харьков қаласындағы тұрғын ауданға жасаған зымырандық шабуылында 17 адам жараланды.

2089978
Ресейдің Украинаның шығысындағы шабуылдары жалғасуда

Ресейдің Украинаның шығысындағы Харьков қаласындағы тұрғын ауданға жасаған зымырандық шабуылында 17 адамның жараланғаны білдірілді. Ресейдің Украинаның шығысындағы шабуылдары жалғасуда.

Харьков облысының губернаторы Олег Синегубов Ресей армиясының Харьков қаласының орталығындағы тұрғын ауданға 2 зымыранмен шабуыл жасағанын, шабуылда 17 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Жараланған 2 әйелдің жағдайының ауыр екенін айтқан Синегубов 12 адамның ауруханада емделуінің жалғасып жатқанын айтты.

Шабуыл салдарынан аймақта кемінде 10 үй зардап шексе, зымырандардың бірінің бұрын медициналық орталық орналасқан 3 қабатты ғимаратқа, екіншісінің аймақтағы тас жолға тигені айтылды.

Кем дегенде 2 ғимаратта тұтанған өртті оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі бақылауға алды.

Харьков мэрі Игорь Тереховтың мәлімдеуінше, зымырандар нысанаға алынған жерде әскери нысандар жоқ, бірақ тұрғын үйлер бар.

Енді бір жағынан Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Белгородқа бағытталған зымырандық және ұшқышсыз әуе көлігінің шабуылдарының алдын алғандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар