АҚШ хоуситтерге тағы шабуыл жасады

Ақ Үйдің мәлімдемесінде «Хоуситтер әлі де таңдау жасай алады. АҚШ хоуситтермен соғысуды қаламайды» деді.

2089549
АҚШ хоуситтерге тағы шабуыл жасады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қызыл теңізде коммерциялық кемелерге шабуыл жасаған Йеменде Иран қолдайтын хоуситтерге қарсы тағы да шабуыл жасалғанын хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) шабуылда 4 баллистикалық зымыранның жойылғанын хабарлады.

Ақ Үйдің мәлімдемесінде «Хоуситтер әлі де таңдау жасай алады. АҚШ хоуситтермен соғысуды қаламайды. Қызыл теңіздегі шабуылдардың тоқтағанын қалаймыз» делінген.

Өткен аптада АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Сана мен Худейда және Таиз қалаларында хоуситтерге тиесілі әскери түйіндерге соққы берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар