Палестиналықтар ең үлкен жер аударуды бастан өткерді

БҰҰ Израиль Газа секторындағы палестиналықтардың 1948 жылдан бері ең үлкен жер аударуды бастан өткергенін жариялады.

2089281
Палестиналықтар ең үлкен жер аударуды бастан өткерді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израиль шабуылдарын жалғастырып жатқан Газа секторындағы палестиналықтардың 1948 жылдан бері ең үлкен жер аударуды бастан өткергенін жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек агенттігінің (UNRWA) әлеуметтік медиа аккаунтында Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарының қирауын бейнелейтін «100 секундта 100 күн» атты бейне көрініс жарияланды.

Бейне көріністерде Израильдің әуе шабуылдары, құлаған ғимараттар, мектептер мен уақытша шатырларды паналап үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар мен балалар және қиын жағдайларды бейнеленген кадрлар болды.

Палестина халқының ең үлкен жер аударуының 1948 жылдан бері орын алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде бір ұрпақтың күйзеліске ұшырағаны, мыңдаған адамның қаза тапқаны, мүгедек болғаны және отбасысыз қалғаны, сондай-ақ адамдардың қиын өмір кешіргені атап көрсетілді.

Израильдің шабуылдары салдарынан 1 миллион 900 мың адамның босқынға айналғанын түсіндірген  UNRWA «Газада 280 мың халқы бар Рафах қазіргі уақытта 1 миллионнан астам босқынды қабылдауда» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы (OCHA) Газа секторында қоныс аударған адамдардың   шатырлардағы көптігі салдарынан  жұқпалы ауру болғанын мәлімдеді.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 24 мың 100 палестиналық қаза тапты. Бұлардың 10 мың 300-і бала, 7 мың 100-і әйел.



Ұқсас жаңалықтар