Галлант «Газаны палестиналықтар басқаратын болады» деді

Йоав Галлант Израиль шабуылдары аяқталғаннан кейін жаулау астындағы Газа секторын палестиналықтардың басқаратынын айтты.

2089319
Галлант «Газаны палестиналықтар басқаратын болады» деді

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант Израиль шабуылдары аяқталғаннан кейін жаулау астындағы Газа секторын палестиналықтардың басқаратынын айтты.

Йоав Галлант баспасөз мәслихатында Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарына қатысты мәлімдеме жасады.

Галлант Газа секторының солтүстігіндегі құрлық шабуылының қарқынды кезеңінің аяқталғанын түсіндірген.   Галлант жаңа тұтқын алмасу үшін  Хамасқа әскери қысым ғана ықпалды болатынын алға тартып, Рафах қаласына баратын жолдарды кесіп тастағандарын айтты.

«Саяси шешімсіздіктің әскери операциялардың ілгерілеуіне зиян тигізуі мүмкін» деген Галлант Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан кейінгі жағдай жайлы  «Газаны палестиналықтар басқаратын болады. Әскери операцияның соңы саяси әрекетке байланысты болуы керек» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху соғыстың мақсаты Хамасты жою екенін және Газадағы соғыстан кейін билікте Палестина әкімшілігінің болуына қарсы екенін бұдан бұрын талай рет мәлімдеген.

Бұл арада Израильдегі басты оппозиция жетекшісі Яир Лапид премьер-министр Нетаньяху мен қорғаныс министрі Галланттың бір-бірімен келіспегенін  мәлімдеді.

Нетаньяху мен Галлант арасындағы келіспеушіліктердің бірі ретінде Израильдің шабуылдары аяқталғаннан кейін Газа секторын кім басқарады деген мәселе көзге түседі.



Ұқсас жаңалықтар