Бразилияда сел жүрді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тауып, 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

2089146
Бразилияда сел жүрді

Рио-де-Жанейро мэрі Эдуардо Паес іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын және қалада «төтенше жағдай» жарияланғанын мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тауып, 2 адам із-түзсіз жоғалған.

Жоғарғы лауазым иелері 1 айлық жауынның бір күнде жауғанын баса айтып, ондаған үйді су басқанын, мұқтаж адамдарға азық-түлік жеткізуге тырысқандарын жариялады.

Метеорологиялық мәліметтерге сәйкес, қаланың шығыс бөлігінде нөсер жаңбыр біраз уақытқа жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар