Жапониядағы жер сілкіністерінде қаза тапқандар саны 206-ке жетті

Исикава Аймақтық әкімшілігі мәлімдеме жасады.

2086672
Жапониядағы жер сілкіністерінде қаза тапқандар саны 206-ке жетті

Жапонияның батысындағы Исикава штаты және Ното түбегі жағалауында болған жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 206-ге жетті.

Исикава Аймақтық әкімшілігі жасаған мәлімдемеде айдың алғашқы күндерінде болған бірнеше жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 206-ге жеткені хабарланды.

Мәлімдемеде 22 бөлек аймақта 26 мың адамның 400 эвакуация пунктінде тұрып жатқаны, штат бойынша жолдардың жабылуына байланысты 3 мың 100 адамның жолдарда амалсыздықтан күткені білдірілді.

Аймақ көлемінде жер сілкінісі салдарынан түрлі жарақат алған 567 адамның емделіп жатқаны атап көрсетілген мәлімдемеде із-түссіз жоғалған 52 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасқаны хабарланды.

Жапония Қорғаныс министрі Кихара Минору аймақтағы іздеу-құтқару жұмыстарына 6 мың 300 Өзін-өзі қорғау күші қызметкерінің де қатысқанын хабарлады.

Жапония Метеорология агенттігі Ното түбегі мен Исикава аймағы жағалауында 1-4 қаңтар күндері аралығында магнитудасы 4 бен 7 балл аралығында өзгерген жер сілкіністері тіркелгенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар