Елші Боднар Ресей-Украина соғысына тоқталды

Украинаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі  Василий Боднар Ресей әскері шығарылмайынша, бейбіт келіссөздер жүргізілмейтінін айтты.

2086853
Елші Боднар Ресей-Украина соғысына тоқталды

Украинаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі  Василий Боднар Ресей армиясы Украина аумағынан кетпейінше бейбіт келіссөздер жүргізілмейтінін айтты.

Бас қала Анкарада журналистермен кездескен Боднар 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталды.

Елші Ресей әскері шығарылмайынша, бейбіт келіссөздер жүргізілмейтінін айтты.

Болнар «Стамбулғы сәтті келіссөздер Украинаның шығысындағы шабуылдармен аяқталды. Мұндай жағдайда Ресеймен бейбітшілік орнату Украинада сатқындық болып саналады. Миллионнан астам украиналықтардың қолында қару-жарақ бар. Дәл қазір “Ресеймен татуласамыз" деудің өзі қоғамды бөлу деген сөз» деді.

Боднар астық дәлізі үдерісіне де тоқталды. Доднар «Түркия мен Украинаның арқасында бидайдың бағасы тұрақты болды» деп көрсетті.

Елші Украинаның өз бастамаларымен жасаған жаңа дәлізіне  қатысты «Бұл дәліз астықты ғана емес, барлық азаматтық өнімдерді қамтиды. Қыркүйек айынан бері Одессадан 500-ден астам кеме шығып, 14 миллион тонна өнім тасымалданды. Ресей бұл жолды бөгеу үшін барын салуда» деді.

Жаңа дәліздің жұмысында Түркияның маңыздылығына назар аударған Боднар тиісті шарттар орындалған жағдайда Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің қайта жандануы мүмкін екенін атап өтті.

Елші бұл шарттарды украиндық кемелердің еркін өтуіне және азық-түліктен басқа материалдарды тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар