Израиль армиясының соғыс шығыны 59,35 миллиард долларға жетті

"Едиот ахронот": "Израиль өз мақсатына әлі жете алған жоқ".

2085715
Израиль армиясының соғыс шығыны 59,35 миллиард долларға жетті

Израиль армиясының басқыншылық астындағы Газа секторындағы шығыны 59,35 миллиард долларға жетті, дегенмен өз мақсатына әлі жете алмай отыр.

«Едиот ахронот» газеті «Израиль өз мақсатына әлі жете алған жоқ» тақырыпты хабар жариялады.

Хабарда Израиль армиясының Газа секторына қазан айында бастаған құрлық операциясында «Хамастың жоғары лауазымдылары мен әскери таланттарын жою және израильдік тұтқындарды құтқару» сияқты мақсаттарының ешқайсысына жете алмағаны атап көрсетілді.

Хабарда Израиль армиясының басқыншылық астындағы Газа секторына жасаған шабуылдардың 59,35 миллиард доллар шығын кетіргені және мұның армияның бюджеті мен салалық жәрдемдерді қамтығаны білдірілді.

Хабарда Израильдің шабуылдарының елдегі экономика мен білімге қоса босқындар мен израильдіктердің жеке қауіпсіздігіне де кері әсері бар екені баса айтылды.

Хабарда Израильдің биылдың алғашқы үш айында сауда айналымына зиян келген компанияларға шамамен 2,74 миллиард доллар төлейтініне назар аударылып, Ливан шекарасындағы еврей елді мекендеріндегі мүліктерге келтірілген залалдың шамамен 1,91 миллиард долларды құрағаны және Газа секторының айналасындағы заңсыз еврей қоныстарына келтірілген шығынның да шамамен 5,47 миллиард доллар төңірегінде екені хабарланды.

Хабарда сондай-ақ Израильдің Газа секторы шекарасы мен солтүстігінен эвакуацияланған 125 мың заңсыз қоныстанушының келтірген шығынының миллиардтаған долларға жеткеніне назар аударылды. Оған қоса шабуылдар жалғасқан сайын Израильге жаһандық қолдаудың да азайғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар