Израиль мен Ливан арасында қақтығыс болуда

Хизбулла Израильдің 4 әскери түйініне шабуыл жасады.

2084390
Израиль мен  Ливан арасында қақтығыс болуда

Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарды ауыр артиллериялық оқпен соққыласа, Хизбулла Израильдің 4 әскери түйініне шабуыл жасады.

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің  хабарына қарағанда Израиль күштері Тель-Хамамис төңірегін, Меркаюн ауданының жазығын және Кефр Келла қаласы маңын ауыр артиллериялық зеңбірекпен нысанаға алды.

Израиль соғыс ұшақтары түн ортасында Накура қаласындағы 3 қабатты ғимаратқа әуе шабуылы жасады. Шабуылда ғимарат толығымен қирады.

Ғимаратта бұдан бұрын 4 адамның қаза тапқаны  және 9 бейбіт тұрғынның жараланғаны хабарланды.

Израиль әскерлері Хиям қаласының төңірегінде фосфоры бар артиллериялық снарядтармен соққы жасады.

«NNA» енді бір жағынан Израильдің Ливанның Кефр Келла мен Одейса қалалары арасындағы кейбір аудандар мен жолдарға фосфор бомбаларын тастағанын жариялады.

 



Ұқсас жаңалықтар