Жапониядағы жер сілкінісінде  көз жұмған  адам саны 78-ге шықты

Жапонияның Ното түбегінің жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге  жетті.

2084134
Жапониядағы жер сілкінісінде  көз жұмған  адам саны 78-ге шықты

Жапонияның батысындағы Исикава префектурасында және осы аймақтағы Ното түбегінің жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге жетті.

Жапония метеорологиялық агенттігінің  мәліметінше, 1 және 2 қаңтарда Ното түбегінде және Исикава жағалауында магнитудасы 5-тен 7-ге дейінгі жер сілкінісі болды.

Түбек аймағында бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 00.36-да 4,8 және 04.38-де 4,9 балдық тағы екі жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпулері жалғасып жатқаны хабарланды.

Исикава уәлаяты  жер сілкінісінен 78 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Ното түбегінде толассыз жауған жаңбыр лай көшкіндерін тудыруы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалды.

Аймақ  бойынша 50-ден астам адамның тағдыры белгісіз екені хабарланды.

Өңірге жөнелтілген Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің 2 мың қызметкері іздеу-құтқару жұмыстарына қатысып жатқаны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар