Ирандағы жарылыстарда қаза тапқандар саны 73-ке жетті

Кирман қаласындағы жарылыста 170 адамның да жарақат алғаны білдірілді.

2083829
Ирандағы жарылыстарда қаза тапқандар саны 73-ке жетті

Иранның Кирман қаласында Касым Сүлейманидің қабірі орналасқан зираттың маңында болған жарылыс салдарынан кемінде 73 адам қаза тауып, 170 адам жараланды.

Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігіне қарағанда Төңкеріс  сарбаздары армиясының «Құдс» күштері қолбасшысы Касым Сүлейманидің 2020 жылдың 3 қаңтар күні АҚШ-тың Бағдаттағы шабуылында өлтірілуінің 4 жылдығында еске алу шаралары ұйымдастырылған жолда бірнеше рет жарылыс дауысы естілді.

Шамамен 10 минут үзіліспен болған екі жарылыста 73 адам қаза тауып, 170 адам жараланды.

Кирмандағы Сүлейманидің бейіті орналасқан зиратқа апаратын жолда болған жарылыстың көлемі мен себебі туралы толық мәлімет берілмесе де, жарияланған бейне көріністерде еске алу шарасына қатысушылардың қашып кеткені және жедел жәрдем көліктерінің оқиға орнына келгені көрінеді.

Сүлейманидің зираты орналасқан Кирман қаласында өткен еске алу бағдарламасына Иранның көптеген қаласынан мыңдаған адам қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар