Израиль армиясы 5 бригадасын шегеретін болды

Израиль армиясы Газадағы құрлық соғысынан 5 жауынгерлік бригаданы шығару туралы шешім қабылдады

2082634
Израиль армиясы 5 бригадасын шегеретін болды

Израиль армиясы Газа секторындағы құрлық шабуылында соғысқан 5 бригадасын шығару туралы шешім қабылдады.

Израиль армиясының радиосының «X» әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған мәлімдемеде  «Газа секторындағы жағдайды және қақтығыстардың дамуын бағалау негізінде армия Газадағы құрлық соғысынан 5 жауынгерлік бригаданы шығару туралы шешім қабылдады» делінді.

Мәлімдемеде демобилизацияланған бригадалар 551-ші қосымша бригадасы, 14-ші бригада және 3 оқу бригадасы екені айтылған.

Израильде орналасқан «Валла» жаңалықтар сайты мен «Канал 12» телеарнасы 21 желтоқсанда Голани бригадасының әскерлері ауыр шығынға ұшырағаннан кейін демалу үшін Газа секторынан шығарылғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар