Донецкіде  3 адам қаза тапты

Украинаның Жаңа жыл түні Донецкіге жасаған шабуылында 3 адам қаза тапты.

2082647
Донецкіде  3 адам қаза тапты

«ТАСС» ақпарат агенттігінің жергілікті ақпарат көздеріне сүйеніп берген хабарына қарағанда, Украина қарулы күштері Жаңа жылды қарсы алған түні көп ұңғылы зымыран тасығышпен Донецкке шабуыл жасады.

5 жұлдызды қонақүйді зымыранмен атқылаған шабуылда кем дегенде 3 адамның, оның ішінде 1 журналистің қаза тапқаны және 7 адамның жараланғаны хабарланды.

Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың хабарлауынша, бір күн бұрын Украина әскерінің қалаға жасаған шабуылы салдарынан 24 адам қаза тауып, 108 адам жараланған.

Украина президенті Владимир Зеленский 29 желтоқсанда Ресей армиясының Украинаға қарсы зымырандық шабуылы салдарынан 39 адамның қаза тауып, 159 адамның жараланғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар