Израиль заңсыз тұрғын үй салады

Израиль жаулау астындағы  Шығыс Иерусалимде 1839 заңсыз жаңа тұрғын үй салуға тендер ашты.

2081953
Израиль заңсыз тұрғын үй салады

Израиль үкіметтік емес ұйымы «Ир Амим» тарапынан  жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Тель-Авив әкімшілігі Шығыс Иерусалимде 1839 үй құрылысы үшін 25 желтоқсан күні үш тендер ашты.

Осыған сәйкес Иерусалимдегі Скопус тауында 500 үй, қаланың солтүстігіндегі Француз төбесінде 1039 үй және Шығыс Иерусалимнің оңтүстігіндегі заңсыз Шығыс Талпиот еврей елді мекенінде 300 үй салынады.

Мәлімдемеде аталмыш қадамның Газа соғысы басталған 7 қазаннан бері Шығыс Иерусалимдегі заңсыз еврей қоныстарының кеңею толқынының бір бөлігі екені және үкіметтің қазіргі жағдайды пайдаланып жатқаны атап көрсетілді.

Израильдегі ұшқары оңшыл партиялардың коалициясы құрған Беньямин Нетаньяху үкіметі билікке келген күннен бастап жаулау астындағы Палестина жерінде заңсыз еврей қоныстарын салуды жеделдетіп келеді.



Ұқсас жаңалықтар