АҚШ Қызыл теңізде пилотсыз әуе көлігі құлатқанын жариялады

CENTCOM өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.

2081326
АҚШ Қызыл теңізде пилотсыз әуе көлігі құлатқанын жариялады

Америка Құрама Штаттарының Әскери-теңіз күштері орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Қызыл теңізде пилотсыз әуе көлігі, баллистикалық және қанатты зымыранды атып құлатқанын хабарлады.

CENTCOM өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Осыған қарағанда Қызыл теңіздің оңтүстігіндегі Эйзенхауэр ұшақ кемесі мен «USS Laboon» әскери кемесінің ұшақтары хоуситтер атқылаған бір бағытты 12 пилотсыз әуе көлігі, 3 баллистикалық зымыран және екі қанатты зымыранды атып түсірді.

Шамамен 10 сағатқа созылған операцияда аймақтағы кемелерге зиян келтірілмеді, зардап шеккендер де жоқ.



Ұқсас жаңалықтар